Оқиға

Түркияда құпия жағдайда қайтыс болған қазақ қызының соңғы жазбасы (видео)

  • instagram.com/p/BulZpzNB30Q/

    instagram.com/p/BulZpzNB30Q/

Түркияда қайтыс болған Елдана Қаһарман өзінің Instagram парақшасына 21 наурызда жазба қалдырған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш жазбада Елдана Қаһарман Астана атауының өзгеруіне қатысты өз пікірін білдіріпті.


"Біздің елдің билігіне не жетпей жүргені белгілі болды. Ешқандай референдумсыз Астананың атауын өзгертуге шешім қабылдапты. Мен, біз таңдамаған шенділер Астананың атауын өзгертті. Біздің ешқандай таңдау құқығымыз жоқ. Мен Астана атауының өзгеруіне қарсымын", - деп жазған Елдана Қаһарман.


Түркиядағы әріптестері де Елдана Қаһарманның туған-туыстарына, ата-анасына көңіл айтып, Елдана туралы естеліктерімен бөлісті.


"Біз өз телеарнамыздың қожайынын жоғалтқандай болып отырмыз. Елдана үнемі күліп жүретін, айналасын да күлдіретін энергияға бай әрі түсінігі мол қыз еді. Ата-анасы мен туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", деп жазған телеарна журналистері.


Елданы танитын жандар өз-өзіне қол салды дегенге сенбейді. Себебі Елдана өмірге құштар қыз болған. Аталмыш жайт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Сондай-ақ Елдана Қаһарман Түркиядағы өмірі мен қызметі туралы өзінің Youtube арнасында айтқан.



 




Көрілген: 3268    Пікірлер: 0

сенбі, 30.03.2019, 18:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31