Оқиға

Түркістан облысы полицейлерінің "бассыздығы" түсірілген видео тарады

  • Түркістан облысы полицейлерінің

    Түркістан облысы полицейлерінің "бассыздығы" түсірілген видео тарады

Видеоблогер Ринат Кибраев Түркістан облысына барып, жергілікті полицейлердің "бассыздығы" туралы ролик түсірді. Видео YouTube-тегі LIFE KZ каналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, оған Денис Тен есімді жергілікті тұрғындардың бірі хабарласқан. Ер адамның айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері заңға қайшы әрекеттер жасаған. Қоғам белсенділері осы мәселені анықтау үшін учаскелік пунктке келген.

 

 

 

Өңірлік полиция департаментінің өкілдері блогердің бұл видеосына қатысты түсінік берді.

"23 тамызда Түркістан қалалық полиция бөлімшесіне жеке кәсіпкер белгісіз біреудің оның жалға алған жерінің терезесіне бірнеше арматураны лақтырып, қашып кеткені туралы арызданған. Осылайша, ол әйнекті сындырып, жәбірленушіге 80 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Осы арыз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - делінген полицейлердің хабарламасында.

 




Көрілген: 3878    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31