Оқиға

Түркістан облысында 14 жастағы қыз жоғалды

  • Фото: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

    Фото: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысы Жетісай ауданында 14 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Жасөспірім 4 маусым күні үйінен белгісіз бақытқа шығып кетіп, қайта оралмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Мектеп оқушсының жоғалып кеткені жайлы Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданғаннан кейін белгілі болған.

 

"Аталған фактіні бірден Жетісай АПБ тіркеуге алды. Қазіргі таңда ЖПҚ УПИ-мен жасөспірім қызды тез арада табуға байланысты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Жетісай ауданының әкімшілігі қызметкерлерімен бірге мобильді топ құрылып, іздестіру жұмыстары жан-жақты жүзеге асырылуда", - дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қазіргі уақытта жоғалып кеткен жасөспірімді іздеу жұмыстарына құзырлы органдармен бірге еріктілер де жұмылдырылған. Полиция Түркістан облысының барлық тұрғындары мен қонақтарынан жоғалған қызды табуға көмектесулерін сұрайды.

 

Жасөспірімнің үстінде ақ түсті футболка, қара джинсы шалбар және аяғында қара түсті аяқ киім қолында қара түсті "Самсунг Дж-2" маркалы ұялы телефоны болған. 

 

"Егерде қандай-да бір ақпарат немесе мәлімет білсеңіз бірден Жетісай АПБ-ның кезекшілік нөміріне 8 725 346 70 20 немесе полицияның 102 телефонына хабарласыңыз", - дейді ведмоство өкілдері.

 

Еске сала кетсек, осыған дейін Түркістанда жоғалып кеткен бір үйдің 4 баласы табылғанын жазған едік.

 

 

 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 17:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31