Оқиға

Түркістан облысында 41 жастағы ана төрт баласымен бірге көз жұмды

  • Түркістан облысында 41 жастағы ана төрт баласымен бірге көз жұмды

    Түркістан облысында 41 жастағы ана төрт баласымен бірге көз жұмды

Бүгін Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде 5 адам: төрт баланың анасы балаларымен көз жұмды. 41 жастағы анасы және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалар улы иіске уланып мерт болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың әкесі кәсіпкерлікпен айналысқандықтан, оқиға болған кезде емделу мақсатында Шымкент қаласында болған.

Полиция Департаменті және ТЖД бастығы, Түркістан қаласының әкімі, облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев оқиға орнына барды. Облыс әкімі оқиғаның тергеу барысын жеке бақылауына алып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, тбасына материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

 "Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.




Көрілген: 1466    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 21:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30