Оқиға

Түркістан облысында болған жол апаты салдарынан көлік өртенді

  • Түркістан облысында болған жол апаты салдарынан көлік өртенді

    Түркістан облысында болған жол апаты салдарынан көлік өртенді

Түркістан облысында Қызылорда қаласына қарай бет алған "Вольво" жүк көлігі көпірдің қоршауына соқтығысып, нәтижесінде көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 13 шілде күні болған. Алған жарақаттарының нәтижесінде көлік жүргізушісі қаза тапты. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. 

 
“Түркістан облысында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде 13.07.2021 ж. кешкі уақытта Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында "Вольво" жүк көлігінің жүргізушісі Қызылорда қаласына қарай бет алып бара жатып, көпірдің қоршауына соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты нәтижесінде автокөлік өртеніп кетті. Сондай-ақ алған жарақаттарынан жүк көлігінің жолаушысы, Қырғызстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы. 

Апат орнына бірден патрульдік полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жетті. Жүк көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Сайрам АПБ-ға жеткізілді.

Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.




Көрілген: 871    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 11:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30