Оқиға

Түркістан облысында бір ай бұрын жоғалған 16 жастағы оқушы қыз табылды

  • https://www.05161.com.ua/

    https://www.05161.com.ua/

Түркістан облысында ата-анасы бір ай бойы іздеген оқушы қызды Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің лейтенанты Сансызбай Демеу тапты, деп хабарлады kz.otyrar.kz.

Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 2003 жылы туған қызы 11 қазан күні сағат 10:30-да Шымкент қаласына кетіп, содан қайтып оралмағанын айтқан. Осыдан соң полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бірден кәмелетке толмаған қызды іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.

Полицейлер кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын атқарып, жоғалған қыз барады-ау деген орындарды тексеріп, куәгерлерден сұрастыру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Түркістан облысының және Шымкент қаласының барлық полиция бөлімшесіне жоғалып кеткен қыз туралы хабар берілген.

Бір аптадан кейін Мақтаарал АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілі, полиция лейтенанты Сансызбай Демеу Шымкент қаласының көшелерінің бірінен қызды тауып, оны ата-анасына дін аман қайтарды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның қалай болғанын анықтауда.

 




Көрілген: 1532    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30