Түркістан облысында екі жасар бала су құбырына құлап, кептеліп қалған

01 мамыр 2022, 16:33

Түркістан облысында құтқарушылар суару каналына құлап кеткен екі жасар баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің  мәліметінше, 30 сәуір күні кешкі сағат 8 шамасында Кентау қаласы, Хантағы ауылы, Төреқұлов көшесінде кәмелет жасқа толмаған баланың 500 мм суару құбырына құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

 

Құтқарушылар оқиға орнына барған кезде 2020 жылғы бала құбырға құлап, 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталды. Бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған.

 

Құтқару операциясына Түркістан облысы ТЖД 3 құтқарушысы және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

 

Құтқарушылар зардап шеккен баланы құбырдың ішінен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында.

 

ТЖМ азаматтарға балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді.