Оқиға

Түркістан облысында футбол қақпасы құлап, оқушы мерт болды

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Әуезов атындағы мектепте 8-сынып оқушысы көз жұмды.


Белгілі болғандай, дене шынықтыру сабағы кезінде жеткіншектің үстіне футбол қақпасы құлап кетіп, ауыр жарақат алыпты.


Оқиға 5 қыркүйекте орын алған. 8-сынып оқушысы Алихан Махатай дене шынықтыру сабағында жылжымалы футбол қақпасымен ойнап, нәтижесінде қақпа үстіне құлап, ауыр жарақат алған. Оқиға орын алған жерге жедел жәрдем шақыртылып, жеткіншек аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.


Мектеп әкімшілігі оқушылар мен ата-аналар қауіпсіздік нұсқаулығымен таныстырылды деп мәлімдейді. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.


Айта кетсек, Махатай Алихан Талғатұлы 2006 жылы туған. Отбасында бес перзенттің ең кішісі. Отбасы материалдық жағдайы орта.


Алдағы уақытта аталған жазатайым оқиғаға қатысты қосымша ақпарат беретін боламыз.


ktk.kz

 




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

жұма, 06.09.2019, 09:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31