Оқиға

Түркістан облысында кафеде болған жарылыстан екі адам көз жұмды

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Түркістан облысында газ баллоны жарылысынан мерт болған бес жасар бүлдіршінді туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Ал оны құтқарамын деп, басын қатерге тіккен 61 жастағы ер адам өзге діннің өкілі болса да мұсылманша жерленбек.


Бұл марқұмның туыстарының өтініші көрінеді. Бұдан бөлек, ауруханада тағы 10 адам емделіп жатыр. Барлығы осы газ баллонынан жарақат алғандар. Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.


Кафеде газ баллоны жарылып, екі адам қайтыс болды. Марқұмның бірі дәмхана иесінің 5 жасар ұлы, ал екіншісі осы маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі екен. Мұнан бөлек, тағы 12 адам зардап шеккен. Барлығы жедел жәрдеммен ауруханаға түскен. Олардың 6-уы ересектер болса, біреуі бала көрінеді.


Жарылыстан зардап шеккен, түр-түсін көрсетпеуді өтінген 27 жастағы азамат сол кафеде ет сатушы болып жұмыс істепті. Алғашқы жарылыстан оның беті аузы мен екі қолы және аяғы күйіп қалған. Өйткені үстіме жеңіл киім киген едім дейді. Қазір ем қабылдап Сайрам аудандық орталық ауруханасында жатыр.


“Бірден басталды. Бірінші дауыс шықты, кейіннен от шықты. Содан біз қашып шығып кеттік бәріміз”, - деді ол.


Ал, задап шеккен келіншек сол дәмханада аспаз болып еңбек еткен. Бірінші жарылысты ол жер сілкінді деп түсініп, дереу екінші қабатқа көтеріліпті. Бөлмеге кіргені сол-ақ, екен екінші жарылыстың дүмпуінен есік іштен жабылып қалып, оттың ортасында қалып қойдым дейді. Әйтеуір, өлімнен аман қалғанына шүкіршілік етіп жатыр.


“Баллон атылды, баллон екен дегенде екінші жанындағы атылды. Сол айналып келіп, астындағы жертөлеге түсіп, кухняның бәрін атып жіберді. Ол жерден біз шығып үлгере алмадық, қабырға түсіп кетті”, - дейді ол.


Қазір төрт науқас Сайрам аудандық орталық ауруханасынан облыстық күйікті емдеу орталығына ауыстырылған. Олардың жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер. Бірінің денесі 75 пайызға дейін күлдіреп күйіп қалыпты.


“Бір науқас балалар жансақтау бөлімшесіне жатқызылған. Бір науқас жарақат бөліміне жатқызылған. Жансақтау бөліміне жатқызылған науқастардың жағдайы өте ауыр. Ең аз дегені күйік жарақаты 30-35 пайыз байқалады. Бір науқаста 95-98 пайыз. Қалғандарында 25-35 пайыз күйік жараұаты байқалады", - деді Сайрам аудандқ орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Наурыз Манапова.


Дәмханада мерт болған бүлдіршін қожайынның кіші ұлы болып шықты. Сол күні анасымен бірге тамақтану орнына еріп барған. Жарылыс болғанда алғашқылардың бірі болып зардап шеккен екен. Денесінің 95 пайызын күйік шалып, екі күннен кейін ауруханада көз жұмған. Бірақ туыстары бұл туралы бізге әзірге тіс жарып ештеме айтқылары келмеді.


Ал, көз жұмған екінші адам 61 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны көрінеді. Ол бүгін таңертең бақилық болды. Оның да денесінің 95 пайызы күйік қалыпты. Осы іске қатысты Сайрам аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің "өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау" дерегі бойынша тергеу амалдарын бастап кетті. 




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 23:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31