Оқиға

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды

  • Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды

    Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды

Түркістан облысында коронавирустық инфекциядан бір өлім оқиғасы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында коронавирус инфекциясы расталған алғашқы науқас көз жұмды. Бұл туралы бүгін таңертең белгілі болды. Басқа мәліметтер әлі хабарланған жоқ.

Сонымен бірге, 4 сәуірде таңертеңгі сағат 10-да Қазақстанда жұқтырғандардың жалпы саны бес жүзге жетті. Кеше түнде коронавирустық инфекцияның тағы 36 дерегі расталды.

Естеріңізге сала кетейік, біздің елде алғаш рет коронавирустық инфекциядан Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді. Оның өлімі 26 наурызда емделіп жатқан Нұр-Сұлтан аумағында тіркелді.

Екінші оқиға да елордада 31 наурыз күні болды. 50 жастағы ер адамның инфекциядан көз жұмғаны анықталды. Ол қант диабетімен ауырған.

Үшінші өлім 1 сәуірде тіркелді.

Айта кетейік, кеше Қостанай облысында алғаш рет COVID-19 инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталды. Ол 23 наурыз күні "Шарм-эль-шейх-Алматы" рейсімен ұшып келген 1991 жылғы азаматша болып шықты. Пациенттен үшінші рет алынған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қауіпті дертке шалдыққан 11 науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

сенбі, 04.04.2020, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31