Оқиға

Түркістан облысында мектеп дәретханасына кіріп кеткен ер адам ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысының Төлеби ауданындағы мектептердің бірінде дәретханаға кірген бөгде ер адам ұсталды. Белгісіз адамды бейнебақылау камералары арқылы көрген ұстаздар полицияны шақыртқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адам орта дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды. Дәретханаға екі оқушы қыз да кірген. Полицейлер мен мұғалімдер жедел әрекет етіп, күдіктіні қолға түсірді.

 

«Осы оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қыздардың денсаулығына еш қауіп келмеген. Күдікті қамауда. Сондай-ақ тексеру кезінде ер азаматтың 2002 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұратындығы анықталды», - делінген хабарламада.

 

Атап өтсек, аталмыш мектепте бейнебақылау камералары ғимараттың ішінде, аулада, дәретхананың жанында және мектепке кіреберісте орнатылған.

 




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 14:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30