Оқиға

Түркістан облысында мешіт имамын өз үйінде ұрып кеткен (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Түркістан облысында мешіт имамын отбасының көзінше ұрып-соғып кеткен.


Бұл туралы Ильяс Бурханов есімді әлеуметтік желі қолданушысы Facebook-парақшасында хабарлады.


"1990-шы жылғы күш көрсету әлі қалмапты. Мына видеодағы біздің ауылдың имамы. Үйіне кіріп, бала-шағасының көзінше ұрып кетіпті. Әйелінің айтуынша, ұрып-соққан жігіттердің қолында қолында темір болған. Кастет шығар. Ажыратуға келгендерді бұзықтың екі інісі есіктің алдында кіргізбей ұстап тұрыпты. Ауыл жағасын ұстап отыр. Жәбірленуші ауруханада, ал соққыға жыққандар "тайрандап" жүр. Онымен қоса "өлтіріп тастайм, бала-шағаң жетім қалады, маған десең әкім-генерал-менералыңды да алып кел" деген сөздермен қорқытқан. Істі соңына дейін жіті қадағалап, лайықты жазасын алуды сұраймыз. Бұны заңды түрде жазасын беріп тоқтатпасақ, күш көрсетуді жақсы көретіндер көбейеді", - деп жазды Ильяс Бурханов өзінің фейсбук парақшасына.


 


ktk.kz




Көрілген: 1246    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.07.2019, 09:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31