Оқиға

Түркістан облысында тағы бір ауылды су басты

  • Түркістан облысында тағы бір ауылды су басты

    Түркістан облысында тағы бір ауылды су басты

Мақтаарал ауданында Өргебас ауылын су басты, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

"3 мамыр таңғы сағат 05.00-те 250 үй суға батқан Фердоуси ауылынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елді мекеніне қарай су келе бастады. Екі елді мекеннің ара қашықтығы - 3 шақырым. Таңғы 8.00-де Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.

Эвакуация барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осыған дейін облыста тағы 3200 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлағанбыз.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 14:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31