Оқиға

Түркістан облысында тауда адасқан оқушыларды құтқару операциясы аяқталды

  • Сурет видеодан алынды

    Сурет видеодан алынды

Түркістан облысының Төлеби ауданында жоғалған балалар биік тауға шығып алып, түсе алмай қалған. Үшеудің екеуі ақыры жерге аман-есен түсірілді, ал біреуі, өкінішке қарай мерт болған, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

16 маусымда сағат 14-00-де екі жасөспірімді құтқарушылар таудан түсірді. Құтқару операциясы 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

 

Сағат 11.48-де бір жасөспірім қауіпті биіктіктен табылып, ол жерге түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, алған ешқандай жарақаттары жоқ.

 

Екінші жасөспірімді сағат 12.50-де құтқарушылар 50 метр биіктікке арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, көтеріп алды. Одан кейін олар таудың соқпақ жолымен жаяу төменге түсті.

 

Іздеу-құтқару жұмыстарына барлығы 33 адам мен 11 техника жұмылдырылды. Олар -Шымкент ТЖД жедел тобы (7 жұмысшы және 2 техника), Түркістан облыстық ТЖ басқармасы (10 қызметкер және 3 техника), жедел медициналық бригада (5 қызметкер және 1 техника), полиция бөлімі (11 адам және 5 дана жабдық) қызметкерлері мен техникасы.

 

15 маусымда Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Бұрғылық ауылынан 5 шақырымдағы демалыс орнынан тауға шыққан топ оқушылар арасынан үшеуі тауда адасып, жоғалып кетті. 16 маусымға қараған түні Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-іздестіру тобы жартастан құлап, мерт болған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тапты.

 




Көрілген: 509    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.06.2020, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31