Оқиға

Түркістан облысында тауда адасып кеткен адамдар құтқарылды

  • Түркістан облысында тауда адасып кеткен адамдар құтқарылды

    Түркістан облысында тауда адасып кеткен адамдар құтқарылды

Тікұшақпен іздеу нәтижесінде табылған үш адам Шымкент қаласының әуежайына жеткізіліп, медициналық тексерістен өткізілді

Түркістан облысындағы Біркөлік тауында адасып кеткен үш турист құтқарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Үш туристің адасып кеткені туралы хабар 6 маусымда сағат 15.40-та Төлеби ауданының "101" қызметінің басқару пультіне түскен.

Адасып кеткен үш адамның бірі 1993, қалғаны екеуі 1994 жылы туған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

"Олар Біркөлік шатқалы бағытындағы сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен. Кейіннен олардың бірі ауырып қалып өздігінен таудан түсе алмайтын хәлге жеткен", – делінген хабарламада.
16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиаспас" мекемесінің Mи-8 ұшағы мен жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы жіберілген.

Тікұшақпен іздеу жұмыстары нәтиесінде үш адам табылып, құтқарылды. Олар Шымкент қаласының әуежайына жеткізіліп, медициналық тексерістен өткізілді.

sputnik.kz




Көрілген: 688    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 09:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31