Оқиға

Түркістан облысында тауда жоғалған үш оқушының бірі өлі табылда

  • https://azattyq-ruhy.kz

    https://azattyq-ruhy.kz

Түркістан облысының Төле би ауданында адасып кеткен балаларды таудан түсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады жазады azattyq-ruhy.kz.

 

15 маусым күні күндіз Түркістан облысы Төле би ауданы Біркөлік ауылынан 5 шақырым жердегі «Біркөлік» демалыс аймағында 25 адамнан тұратын топ тау бөктеріне демалуға шыққан. Топ құрамына 3 ересек және 22 оқушы болған.

 

9 оқушы мен 1 тәрбиеші тауға күндіз шығып келген. Кейіннен тағы 1 тәрбиеші мен 6 оқушы тауға барып, артынша өз бетінше түскен. Ал 3 оқушы адасып кеткен.

 

 

Сағат 22:48-де таудан түскен соң, тәрбиеші балалардың жоғалғаны туралы «112» нөміріне ақпарат берген. Сағат 23:00-ден бастап Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері мен 1 бірлік техника, Түркістан облыстық ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техника, 5 адамнан тұратын жедел медициналық жәрдем бригадасы 1 бірлік техника, полиция бөлімінің 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы балаларды іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен.

 

Оқушыларды іздеу жұмыстарына барлығы 23 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

 

«Бүгін түнгі сағат 00:58-де Шымкент қалалық ТЖД ЖҚЖ іздестіру тобы жардан құлап кеткен 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тауып, жерге түсірді және полицияға тапсырды», - делінген ТЖК хабарламасында.

 

Сондай-ақ бүгін таңғы сағат 10:00-де құтқарушылар тауда адасып жүрген 2 оқушының тұрған орнын анықтады. Құтқарушылардың айтуы бойынша олармен ұялы байланыс орнатылған.

 

«Қазіргі уақытта құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, балаларды түсіру және құтқару бойынша құтқару операциясын жүргізуде. Алайда, тау жартасты әрі биік, тік беткейлі болғандықтан, құтқару жұмыстары қиындай түсуде», - делінген хабарламада.

 

Құтқару операциясының нәтижесі қосымша хабарланады. 




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.06.2020, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31