Түркістан облысында үй өртеніп, 13 жасар екі бала қаза тапты

04 сәуір 2022, 17:19

Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 13 жасар екі бала қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған. Ш. Қалдаяқов көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, жалын 180 шаршы метрді шарпыды.

 

Бірінші қабаттың төбесі опырылып, құлап түскен. Оқиға орнынан 13 жасқа енді толған екі жасөспірімнің денесі табылды.

 

Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.