Оқиға

Түркістан облысының полицейлері жоғалған оқушыларды үйлеріне дін-аман қайтарды

  • https://m.teenproblem.net

    https://m.teenproblem.net

Түркістан облысының Түлкібас аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, мектептен кәмелетке толмаған баласының үйіне келмегенін жеткізген. Аталған жайт Түлкібас АПБ-де тіркеуге алынып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.


Полиция қызметкерлері, 12 сағат 30 минутта жасөспірім мектеп формасында велосипедпен мектепке кетіп, бірақ сабақтан кейін үйге қайтып оралмағанын, сондай-ақ, жедел уәкілдер осы жолмен велосипедпен мектепке барған тағы да 12 жасар көршісінің ұлы да жоғалғанын анықтады.


Полицейлер ұстаздар мен сыныптастарынан сұрастыра келе, жасөспірімдердің мектепте болмағандығын біледі. Одан әрі іздестіру іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, қандай да бір мәлімет алу үшін куәгерлер арасында сұрастыру жүргізеді.


Жергілікті тұрғындар күндіз ауыл көшелерінің бірінде екі оқушыны көргендерін айтады. Полиция қызметкерлері жоғалған балалардың орнын анықтау мақсатында іздестіру іс-шараларын жалғастырды. Белгілі болғандай, балалар бұрын да үйден кетіп, қайтадан оралып отырған. Нәтижесінде, бірнеше сағаттан кейін Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері көршілес Сайрам ауданына шамамен 50 шақырым жерден жоғалып кеткен жасөспірімдерді тапты.


Қажетті жедел-іздестіру әрекеттерін атқарғаннан соң, балалар ата-аналарына дін-аман табысталды. Түлкібас ауданының тұрғындары полицейлерге қырағылық танытып, балаларын аман-есен тапқандары үшін алғыстарын білдірді.


Сондай-ақ олар тәртіп сақшыларының қызметтеріне табыс пен жұмыстарына сәттілік тіледі.


Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға сақ болу және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балалар мен жақындар жоғалған жағдайда тез арада «102» телефонына хабарласыңыздар.


ҚазАқпарат


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 423    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 10:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31