Оқиға

Түркістан облысының тұрғыны бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан

  • Жәбірленуші:

    Жәбірленуші: "Немолчи" қоры

Түркістан облысында бір жасар баласының көзінше бұрынғы әйелін өлімші етіп сабаған ер адам елді шошытты. Бұл оқиға туралы "Немолчи" ұйымы баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Оқиға 15 мамыр күні Леңгір қаласында болған.

 

Ерлі-зайыптылар ажырасып кеткендіктен, заң бойынша әкесі аптасына екі рет ұлымен кездесуі тиіс. Сондай кездесулердің бірінде ер азамат бұрынғы әйелін балағаттап, көліктің есігін кілттеп, қорлай бастаған. Келіншектің жалынып-жалбарынғанына қарамастан, бір жасар баланың көзінше оны аяусыз ұрып, басына, бет-жүзіне ауыр жарақаттар салған. Одан бөлек, келіншекті тістеп, саябақ ішінде шашынан сүйрелеген.

 

Адам шошытарлық бұл оқиғалардың барлығына да бір жасар бала куә болады. Баласының көзінше анасын аяусыз ұрған азаматтың ісіне қатысты полиция әлі де жауап қатқан жоқ.

 

Жәбірленуші: "Немолчи" қоры

 

Есінен танып қалған келіншекке көшедегі адамдар жедел-жәрдем шақырады. Дәрігерлер оның бас миы шайқалғанын және түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алғанын растады.

 

Келіншектің туыстарының айтуынша, бұрынғы күйеуі бірнеше рет пышақ сұқпақ болып, жиі таяқ астына алатындықтан, олар ажырасып кеткен. Бірақ заң бойынша ол баласын көру үшін аптасына екі реттен кездесіп отырған.

 

Туыстары агрессияға бейім азамат адам шошырлық әрекеттерге баратыны үшін келіншектің өміріне алаңдап отыр.

 

Олардың айтуынша, бұған дейін де әйелі бірнеше рет жарақат алған.

 

Қазіргі таңда жәбірленуші ауруханада жатыр.

 

 




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 18:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30