Оқиға

Түркістан облысының тұрғыны елорда әуежайын шулатты

  • © Көліктегі полиция департаменті

    © Көліктегі полиция департаменті

28 наурызда Нұр-Сұлтан әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне әуежай қызметкерінен қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ол Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

 

Көлік полицейлері тексеру кезінде құқық бұзушының қоғамдық орында мас күйінде болып өзін агрессивті ұстағанын, электронды темекі шегіп, ескертулерге құлақ аспағанын, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзғандығын анықтады.

 

Сондай-ақ, ер адам құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбаған.

 

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғандығы анықталды.

 

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі, яғни алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, 441-бабының 1-бөлігі, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде тұтынудың электрондық жүйелерін тұтынуға тыйым салуды бұзу және 667-бабының 1-бөлігі, яғни құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

 

Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау фактісі бойынша материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процестік шешім қабылдау үшін жолданды.

 

 




Көрілген: 1341    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 17:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31