Түркістанда 11 адамның суға кету оқиғасы: оныншы адамның денесі табылды

23 тамыз 2023, 14:05

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім, - делінген ТЖМ хабарламасында.

 

Айта кетейік, іздеу жұмыстарына барлығы 139 адам, 20 техника, 2 дрон және 9 жүзу құралы жұмылдырылды.

 

Құтқарушы сүңгуірлер су астында жүзу құралдарының көмегімен 2 300 ш.м. 42 км өзен түбін зерттеді. Пилотсыз ұшу аппараттарын тарта отырып, 51 км аэровизуалды барлау жүргізілген.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz