Түркістанда той иесі мініп шыққан қос ат қонақтарды таптап кетті

20 мамыр 2022, 18:37

Түркістанда тойға әкелген екі ат қонақтарды таптап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысында тойда қонақтардың алдына баланы мінгізіп алып шыққан қос ат мөңкіп, көпшілікті әбірге салды. Әзірге оқиғадан зардап шеккендер туралы дерек жоқ.

 

Жеке үйдің ауласында өткен той туралы тараған бейнежазбада елуге тарта адам бары байқалады. Сүндет тойға ұқсас отбасылық шараға екі ақ боз аттың біріне баланы мінгізіп әкелген. Алайда көпшіліктен үркіген жануарлар мөңкіп, айдалаға қаша жөнеледі.

 

Үркіген аттар жолдағы адамдарды таптап, ер үстіндегі баланы шайнап жұлып алған. Ерексектердің бірі тулаған жануарларды тоқтатқанымен бірнеше адам ат астында қалды.

 

 

Оқиғадан кейін зардап шеккендер туралы дерек жоқ. Баланы көп алдына салтанатпен алып шығуға ниеттенген ата-ананың кімдер екені де белгісіз.

 

Желіде тараған бейнежазбаны көпшілік Түркістан облысында болған оқиға деп нақтылаған. Бірнеше желі қолданушысы келеңсіз жайтқа алаңдаушылық білдіріп, аяныштарын жеткізді.

 

"Өзбек отбасында болған шара ғой", "Баланың жағдайы қалай екен?", "Жануарлар бірдеңеден қатты үркіген ғой", "Аттарды бүйтіп циркке әкелмеуі керек еді" деп түрлі пікрі қалдырған.