Оқиға

Түркістанда жарылыс салдарынан 11 адам зардап шекті

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Дәрігерлер Түркістанда жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан 11 адам зардап шеккен. 6 науқасқа алғашқы көмек көрсетілді және олар амбулаторлық емдеуге жіберілген.


2019 жылы 10 қыркүйекте Түркістан қалалық орталық ауруханасының травматология бөліміне 4 науқас түскен, алайда 11 қыркүйекте тағы бір адам түсті.


Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылғандар саны - 5 адам. Олардың жағдайы орта деңгейлі ауырлық.


Осыған дейін, Түркістанда алапат өрттің неден шыққаны анықталғаны туралы айтылды.


Айта кетейік, куәгерлер кеше, 10 қыркүйекте кешкі уақытта жарылыс болып, артынша өрт шыққанын хабарлап, видео мен суреттер жолдаған.


Кейінірек Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі төтенше оқиға жайлы хабар таратты.


Олардың мәліметінше, 19.00 шамасында Бекзат Саттарханов көшесінде орналасқан Royal Grand Hotel қонақүйінің территориясында газ баллондары тиелген ЗИЛ көлігі өртенген.




Өртті сөндіруге жеке құрамның 70 адамы жұмылып, 14 дана өрт сөндіру техникасы қолданылған.


Полиция қызметкерлері қонақүй территориясын қоршауға алған.


Өрт 20.00-де ауыздықталып, 20.15-те толық сөндірілген.


 


 


 


 




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 16:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30