Оқиға

Түркістанда көлік жүргізушісі полицейдің погонын жұлып, өз көлігін өртеп жіберді (видео)

  • Көрнекі фото: NUR.KZ

    Көрнекі фото: NUR.KZ

Түркістанда көлік жүргізушісі полицейге қарсылық танытып, былапыт сөздер айтып, өз автокөлігін өртеп жіберді. Қазірде ер адамға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Полиция лейтенанты патрульдеу кезінде Түркістан көшелерінің бірінде мемлекеттік нөмірсіз кетіп бара жатқан "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Тәртіп сақшысы өзін таныстырып, тоқтатқан себебін айтып, хаттама толтыра бастаған.

 

Алайда жүргізуші автокөлігінің кілтін беруден бас тартады. Нәтижесінде, полицей эвакуатор шақыртқан.

 

Істің бұлайша өрбуі көлік жүргізушісінің ашуына тиген көрінеді. Ашуға булыққан ол құқық қорғау қызметкерін балағаттап, тіпті өзінің көлігіне өрт қойған.

 

Артынша лейтенантқа тұра ұмтылып, оның иығындағы погондарын жұлып тастаған.

 

Оқиға полицей қызметкерінің видеожетонына жазылып қалған.

 

Жүргізуші бөлімшеге жеткізілді. Бөлімшеде оның жұмыссыз екені анықталды.

 

Азаматқа қатысты билік өкіліне қарсылық танытып, балағаттағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

 

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Зардап шеккен тарапқа сот-медициналық сараптама тағайындалған.

 

 

 

 




Көрілген: 3821    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.07.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30