Оқиға

Түркістанда қонағының телефонын тартып алған жігіт ұсталды

  • https://diapazon.kz/

    https://diapazon.kz/

Танысының телефонын жымқырған түркістандық жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Түркістан ҚПБ-ға Шымкент қаласының тұрғыны арызданып келген.

 

Оның айтуынша, досының үйінде қонақта отырған сәтінде танысы “Samsung J4+” маркалы ұялы телефонын сұрап алып, қайта қайтармаған. Осылайша жәбірленушіге 50 мың теңге шығын келтірген.

 

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бағытталған шараларды жедел түрде жүргізді.

 

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

 

Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәгерлерден сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ер адамды өз үйінен ұстады.

 

Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіден айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды.

 

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Күдікті ер адамның бас шарасы қолхатта.

 

Белгілі болғандай, жәбірленушіні жолдасы үйіне қонаққа шақырған. Сол сәтте сол жолдасының танысы оның ұялы телефонына қызығып, бере тұруын сұраған. Оны алғаннан соң күдікті өзіне иеленіп қалу мақсатында қайтарып бермеген.

 

 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31