Оқиға

Түркістанда куәлігі жоқ жүргізуші баланы көлігімен қағып мерт қылды

  • https://bk55.ru/

    https://bk55.ru/

Түркістанда «Тойота Ленд Крузер» Прадо көлігі баланы қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай күндіз сағат 12:30 шамасында болған. Түркістан қаласының тұрғыны «Тойота Ленд Крузер Прадо» көлігімен жол көлік оқиғасын жасап, баланы жарақаттаған. Ауыр дене жарақатын алған бала қалалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Қазіргі таңда осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345- бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезінде жүргізушінің ешбір құжатсыз көлік тізгіндегені анықталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, жүргізуші қамауға алынды. Көлік айып тұрағына жеткізіліп, полицейлермен барлық мән-жайлар тексерілуде», - делінген хабарламады.

 




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 19:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31