Оқиға

Түркістанда уланып көз жұмған бес адамның өлімі: күдікті ұсталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Түркістан облысында бір отбасының 5 мүшесінің газдан уланып көз жұму оқиғасына қатысты, күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның ауырлығы мен қоғамдық резонанс тудыруына байланысты жедел-тергеу шараларын атқарды. Оның ішінде сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауаптар алынып, қажетті деген барлық жұмыстар жүргізілді.

 

«Улы газдан бір отбасының бес бірдей мүшесі қаза болып, біздің облыста үлкен резонанс тудырды. Бүгінгі таңда бұл қылмысты жасады деген күдіктілердің бірі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол газ орнату фирмаларының бірінде директор. Тиянақты жүргізілген тергеу жұмыстарының аясында оның іске қатысы бар екені дәлелденді. Біз күдіктілер санының артуын жоққа шығармаймыз. Сондықтан тергеу жалғасады», - деп атап өтті ТО Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

 

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының соңында Түркістан қаласындағы жер үйлердің бірінде бес адам, яғни әйел мен оның төрт баласы қаза тапқан.

 

Оқиға байланысты арнайы комиссия құрылды.

 

Тергеу барысын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке бақылауына алды.

 

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 11:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31