Оқиға

Түтін мен үрейленген тұрғындар - өрт шыққан үй ішінен түсірілген видео тарады

  • Түтін мен үрейленген тұрғындар - өрт шыққан үй ішінен түсірілген видео тарады

    Түтін мен үрейленген тұрғындар - өрт шыққан үй ішінен түсірілген видео тарады

Павлодардағы үйлердің бірінен түнде өрт шығып, тұрғындар пәтерлерін тастап, далаға шығуға мәжбүр болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түтінге оранған кіреберістің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілерге ұйықтап жатқан тұрғындарды оятуға тура келген. Бесқабатты ғимарат тұрғындары қатты түтінді көріп, қорқыныш пен дүрбелең басталыпты.

Кадрлардан өрт сөндірушінің қолында жылап, анасын іздеген сәбиді көруге болады. Тұрғындардың бірі күртесін шешіп, баланың үстіне жабады. "Болды, болды, қорықпаңыздар", - деп өрт сөндіруші тұрғындарды тыныштандырады.

Видеодан үйдің кей тұрғыны асығыс киініп, далаға қашқаны байқалады.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, өрт сөндірушілер 40 адамды эвакуациялаған, оның 10-ы - балалар. Қызметкерлер келгенге дейін көпқабатты үйден он адам далаға шығып үлгерген.

"Бесқабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы 30 наурызда сағат 23.52-де хабар түсті. Үйдің бірінші қабатында тұрмыстық заттар, екі шаршы метр аумақта тұрған ағаш өртенген. Кіреберісте қатты түтін болды, сондықтан кейбір тұрғын қорқып, аздап үрейленді. Бірақ оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тез арада эвакуацияға көмектесіп, тұрғындарды далаға шығарды. Тұрғынның көбі демалып жатқан, сондықтан өрт сөндірушілер пәтер иелерін оятып, өрт шыққан жерден кетулерін сұрауға мәжбүр болды", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға орнында 27 жеке құрам және бес техника жұмыс істеді. Сонымен қатар, сол жаққа полиция қызметкерлері мен қаланың коммуналдық қызмет жұмысшылары барған.

Өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілді. Оның неден шыққаны және келтірген шығыны қазір анықталып жатыр.




Көрілген: 1047    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 10:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31