Тутұғырға дәрет сындырған ер адам жауапқа тартылды (видео)

28 ақпан 2022, 19:04

Алматы облысында Қазақстан туына дәрет сындырған ер адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның әрекеті қоғамда қызу талқыланған болатын. Ол 40 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тутұғырға дәрет сындырған ер адамның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғалған. Сонымен қатар, ер адам бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандықтан, Hyundai Tucson маркалы автокөлігін ешқандай рұқсатсыз басқарғаны анықталды. Бұл үшін оған қосымша 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

 

"Дерек 28 ақпанда Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында тіркелгенін хабарлаймыз. Күдікті анықталды. Полицейлер әлеуметтік желіде мемлекеттік ту тігілген тұғырға дәрет сындырғаны туралы видеоны зерттеді. Нәтижесінде, оның көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Ол әкімшілік жазаға тартылды", — деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Кейіннен ғаламторда шыжың азаматтың халықтан кешірім сұраған видеосы пайда болды. Ол өз ісіне өкінетінін айтып, не үшін мұндай әрекетке барғанын түсіндірді. Ал оқиға орнына келген учаскелік инспектор аталған азаматтың шизофрения бойынша есепте тұратынын айтады.

 

Бұл кісі есепте тұрады. Мен бір емес, бірнеше рет психикалық ауытқуына байланысты ауруханаға апарып жапқанбыз. Сондықтан бұл кісі есепте тұрады, — дейді учаскелік инспектор.