ҰҚК қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм түсірді

10 маусым 2022, 18:50

Куәгерлер Маңғыстаудағы оқиғалар қалай басталғанын және жаппай тәртіпсіздікті тоқтату үшін қандай шаралар атқарылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Алаңға жиналғанын халықтың психологиясын зерттеуге тура келді.

 

Облыстық мәслихат депутаты Аят Сүгірбайдың айтуынша, Маңыстаудағы халықты таратуға туыстық қарым-қатынас та көмектесті.

 

"Біз алаңда қандай ұжымдар бар? Олардың көшбасшылары кім? Кімдердің ықпалы жүреді? Осының бәрін талдауға кірістік. Сосын өңіріміз қазақи болғаннан кейін ағайын-тума, құда-жекжат деген сияқты қарым-қатынасымыз жақсы рөл ойнап кетті. Себебі қарға тамырлас қазақпыз ғой. Ағайын-тумамыз бар, басқамыз бар. Бір рудың ішінде сыйлайтын ақсақалдарымыз бар. Сол кісілерге қолқа салдық, ешкімнің сойылын соқпаймыз, ешқандай саяси топтардың мүддесіне жұмыс жасамаймыз, бір ғана мүддеміз бар, ол – елдің бірлігі деп айттық. Дүние-мүлік бұзылмауы керек деген мақсат ұстандық", - дейді Сүгірбай.

 

Маңғыстаулықтар бірнеше күннен кейін тарады.

 

Алайда елдегі жағдай тынышталған жоқ. Газдан басталған толқу республиканың жартысына тарап кетті.

 

Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін қаңтар оқиғасы бойынша 5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды.

 

Фильмде зардап шеккен полицейлер соққыға қалай жығылғанын да айтып берді. Қаза тапқан тәртіп сақшылардың туған-туыстары сұхбат берді.

 

Ал прокурорлар тергеу шараларымен таныстырды.