Оқиға

Үкімге қарсылық білдіріп, өзін өртемек болған қарағандылық қамаудан шықты

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Сот ғимараты алдында өзін өртемек болып, ізінше он күнге қамалған Қарағанды тұрғыны Геннадий Нәдірбеков 13 маусымда таңертең қамаудан босап шықты.

 

2 маусымда облыстық сот ғимараты алдына бензин толы канистр және плакатпен келіп, өзін өртемек болған тұрғынның әрекетін сот "ұсақ бұзақылық" деп бағалаған еді. Былтыр жыл соңында шыққан үкімге наразы Нәдірбековтің айтуынша, оның бұдан басқа басқа амалы қалмаған. "Әділетсіз сотталдым" деген ол соттың өзіне шыққан үкімді түсіндіргенін қалайды.

 

"Менің ісім қолдан ұйымдастырылған, эпизодтар ойдан құрастырылған. Қатты назалымын және соңына дейін барамын. Жоғарғы сотқа шағым түсірдім, бірақ сот отырысы әлі белгіленбеді. Мені өзіме қол жұмсауға мәжбүрлегендердің үстінен іс қозғалсын деп өтініш түсіремін. Нақты дамдардың аты-жөнін жазамын. Егер олар үйтіп жасамағанда ештеңе болмас еді" дейді Геннадий Нәдірбеков Азаттық тілшісіне.

 

Нәдірбековті он күнге қамау туралы сот қаулысында соттың жаза тағайындаған кезде оның тұрақты жұмысы жоқтығын және қимыл-мінезін ескергені жазылған. Нәдірбеков судьяға былтыр шыққан үкіммен келіспейтінін және соттың қаулыны түсіндірмегенін айтқан.

 

Геннадий Нәдірбеков қамалғаннан кейін оның жұбайы Адам құқығын сақтау жөніндегі қазақстандық бюроға барып, 2020 жылы 16 наурызда Қарағанды облыстық сотының төрағасынан алған ресми жауабын көрсеткен. Онда Нәдірбековке "шынымен де қылмыстық іс бойынша сот актісі түсіндірілмеген" деп көрсетілген. Алайда Нәдірбеков судьядан толымды жауап ала алмаған.

 

"Мен оған БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі комитетіне шағым түсіруге кеңес бердім. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабына сәйкес, қазақстандықтар әділетсіз сот шешіміне шағымдана алады. Менің ойымша, оның әділетсіз сот үкіміне шағымдануына негіз бар сияқты" деді Адам құқығын сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның Қарағанды бөлімшесінің жетекшісі Юрий Гусаков.

 

2019 жылы желтоқсан айында "Алаяқтық" және "Астыртын түрде қылмыстық құқықбұзушылыққа бару" баптары бойынша айыпталған Геннадий Нәдірбековке сот 3 млн теңге көлемінде (шамамен 7,5 мың доллар) айыппұл салған. Ақпан айында сот үкімі күшіне енген. Ақпарат бойынша, Нәдірбеков жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік иесіне кеңес беріп, бұдан соң ол пара беріп, қылмыстық істі тоқтатпақ болды деген күдікке ілінген. Нәдірбеков тағылған айыптарды жоққа шығарады.

 

azattyq.org

 




Көрілген: 207    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.06.2020, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31