Оқиға

Үлкен Алматы шыңында қалып қойған туристер тікұшақпен құтқарылды

  • Үлкен Алматы шыңында қалып қойған туристер тікұшақпен құтқарылды

    Үлкен Алматы шыңында қалып қойған туристер тікұшақпен құтқарылды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Үлкен Алматы шыңына көтерілген туристерді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құтқарушыларға зардап шеккен адам туралы ақпарат 11 қыркүйекте келіп түскен. ТЖД жедел кезекшісінің айтуынша, Үлкен Алматы шыңы ауданында турист құлап, екі аяғын жарақаттаған.

«Республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) жедел тобы дереу оқиға орнына шықты. Құтқарушылар жедел автокөлікпен космостанцияға дейін жетіп, одан әрі жаяу барды. Біраздан соң Проходное шатқалы арқылы зардап шегушіге көмектесуге тағы бір жедел топты іске қосу туралы шешім қабылданды. Ер адам 12 қыркүйекте таңғы сағат 5-те табылды. Оның қасында тағы 2 адамның бары анықталды және олар жартасты жерде болған», - деп хабарлайды ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, туристер Үлкен Алматы шыңына бағыт алған. Қараңғы түскенше шыңға жетіп үлгермейтіндігін түсінген туристер кері қайтады. Қайтар жолды қысқартқысы келген туристер келген бағыттарынан тайып кеткен. Нәтижесінде олар қауіпті әрі тік жарға тап болған. Ал туристердің бірі 5 метрлік жардан құлап, екі аяғынан жарақат алған.

Құтқарылған ер адамға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық, дегенмен ауырлық тигізді. Көтерілуге қиын тау шатқалынан бөлек, межелі жерге жетуге ауа-райы да әсер етті. Сол сәтте қатты желмен қоса жаңбыр аралас қар жауды. Жәбірленушіні зембілмен ұзақ уақыт тасымалдау мүмкін болмаған соң әуе кемесі «Қазавиақұтқару» мекемесінің мамандарына жүгіну туралы шешім қабылданды.

Құтқарушылар ер адамды тікұшаққа дейін апарды, одан әрі зардап шегуші медицина және апаттар орталығына жеткізілді.




Көрілген: 977    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 21:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31