Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұлытау облысында ас беру кезінде газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті

27 желтоқсан 2022, 18:55

27 желтоқсанда Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауылының жеке тұрғын үй аумағында ас беру кезінде газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, баллон тұрғын үйдің маңындағы моншада жарылған.

 

"Жарылыс салдарынан 100 шаршы метрді құрайтын моншаның шатыры қирап, от тұтанған", делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

 

Сондай-ақ, жарылыстан 16 адам зардап шекті, олардың сегізі ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы өте ауыр. Медициналық тексеруден кейін сегіз адам үйіне босатылды.

 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған, газ баллоны аяздан үй-жайға кіргізіліп, от жағатын құрылғы жанына орнатылған" – деп мәлімдеді Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Сурет: Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі