Үш баланың анасы жерлестері сыйлаған пәтердің қызығын көре алмады

21 қаңтар 2022, 10:54

Қайғылы жаңалық poiskoviki_pavlodara_vita Іnstagram әлеуметтік парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

 

«Жаңа ғана қайғылы жаңалық келіп жетті. Настя қайтыс болды... Оның отбасына көрсеткен көмек үшін баршаңызға рахмет. Біз оның балалары көшеде қалмайтынын сезгендей әрекет етіп үлгердік», - деп жазды іздеу жасағы.

 

Сондай-ақ еріктілер бұл отбасын ары қарай назардан тыс қалдырмайтынын атап өткен.

 

Еске сала кетейік, облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны Ставковаға дәрігерлер төртінші сатыдағы қатерлі ісік диагнозын қойған.

 

Аурудың салдарынан әйелге дәрі-дәрмек алуға қаржы жетпей, пәтер жалдау бойынша қарыздары жиналып қалған, бұған қоса, үш балаға киім керек болды.

 

Павлодарлық еріктілер облыс орталығының тұрғынына қаражат жинай бастады.

 

Әйел адам 5, 10 және 13 жастағы үш баланы тәрбиелеп отыр, оларға үйдегі шаруашылыққа зейнеткер анасы көмектесетін.

 

Ауыр дертке шалдыққан Анастасияға көмек көрсету үшін еріктілер 4 млн теңге жинап,  шағын отбасылық типтегі пәтер сатып алғысы келген. Алайда, жомарт жандардың саны артып, сома 17 млн теңгеден асты.