Оқиға

Үш баласымен бірге жоғалған әйел табылды

  • Lada.kz

    Lada.kz

Маңғыстау облысынан Шымкентке пойызбен шығып, үш баласымен жоғалып кеткен Дилбар Тілеулесова табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі мәліметінше, 2021 жылдың 30 шілдесінде әйел балаларымен пойызға отырып Шымкентке аттанған. Бірақ межелі жерге жетпеген. Осы уақытқа дейін олар қай жерде екені туралы ақпарат болған жоқ.

 

Lada.kz мәліметінше, оның жанында кәмелетке толмаған үш баласы болған. Біреуінің дүниеге келгеніне бар-жоғы 40 күн өткен.

 

"2021 жылғы 2 тамызда Маңғыстау станциясындағы көлік полициясының қызметкерлері 2021 жылы 30 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен Тілеулесова Д. Б. және оның үш кәмелетке толмаған баласының тұрған жерін анықтады.

 

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жедел уәкілдер осы уақыт ішінде әйел балаларымен бірге Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында құрбысының жанында болғанын анықтады. Әйел мен кәмелетке толмаған балалар тексерілді, қандай да бір дене жарақаттары жоқ", - делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

 

 




Көрілген: 714    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.08.2021, 09:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30