Оқиға

"Үш еселеніп қайтты": Елордада көшеден 5 млн теңге тауып, иесіне қайтарған ер адам ойда жоқта баспаналы болды (видео)

  • "Үш еселеніп қайтты": Елордада көшеден 5 млн теңге тауып, иесіне қайтарған ер адам ойда жоқта баспаналы болды (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылы көшеден 5 млн теңге тауып алып, иесіне қайтарып берген Ұлттық ұлан қызметкері Нұрсұлтан Әміров ойда жоқта баспаналы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Нұрсерік Жолбарыс Facebook желісінде жазды.


Бүгінде баспана мәселесі жөнінде көптеген кеңес беріп жүрген журналист әрі экономист Дәулет Мұқаевтың Instagram желісінде 170 мың оқырманы бар. Ол таяуда оқырмандарының арасында ұтыс ойнатып, бас жүлдеге елордадан бір бөлмелі пәтер тіккен еді. Ұтыстың қорытындысы бойынша, құны 15 млн 500 мың теңге тұратын пәтерді перзентханадан таяуда ғана шыққан келіншек ұтып алған.


«Ол лоторея билетін алғанын күйеуіне айтпаған екен. Күйеуі естіп қуанып жатқан шығар. Бір қызығы, күйеуі – Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұланның сарбазы болып жүргенде (2017 жылы) елорда көшесінен 5 млн теңге тауып алып, иесіне табыстаған. Бұл туралы кезінде жаңалықтардан оқыған едік. Міне, енді сол адал ниеті, дұрыс қадамы Нұрсұлтанның отбасына үш еселеніп қайтты. Ниетіне қарай берген баспанасының құтты мекен болуына тілекшімін.


Бұл дүниеде не жасасақ та, өзімізге қайтады. Ниетіміз қандай болса, соның жауабын аламыз», - деп жазды Нұрсерік Жолбарыс.


Еске сала кетсек, 2017 жылы Ұлттық ұлан сарбаздары көшеден 5 миллион теңге тауып алып, иесіне қайтарып берген еді.




Көрілген: 1358    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.07.2019, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31