Үш оқушы 53 жастағы Семей тұрғынын тонап кетті

05 сәуір 2022, 00:00

Наурыз айының басында Семейдің 53 жастағы жергілікті тұрғынының қолынан «Samsung» ұялы телефонын кетіп бара жатқан бейтаныс жігіт қала дүкендерінің бірінің жанында жұлып алып, қаша жөнелген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленуші бірден 102 жедел арнасына қоңырау шалып, көмек сұраған.

 

- Келтірілген шығын 130 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 9-сынып та оқитын 3 оқушыны ұстаған. Күдіктілердің бірі анасының көзінше кінәсін мойындаған. Ұрланған зат тәркіленді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Ұсталғандар кепілхат бойынша ата-аналарына берілді.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі – «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.