Оқиға

Ұшақ апаты: Bek Air ұшағының қара жәшігіндегі жазбалар оқылды

  • Ұшақ апаты: Bek Air ұшағының қара жәшігіндегі жазбалар оқылды

    Ұшақ апаты: Bek Air ұшағының қара жәшігіндегі жазбалар оқылды

Мемлекетаралық авиация комитеті Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағындағы қара жәшіктегі мәліметтерді оқыды. Бұл туралы аталған комитет хабарлады.

Мемлекетаралық авиация комитеті әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі азаматтық авиацияның мемлекетаралық келісіміне сәйкес 2019 жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағының тергеу жұмыстарына белсене қатысуда. МАК мамандар тобы алғашқы күннен бері апат болған жерде жұмыс істеуде.

МАК ғылыми-техникалық орталығында ұшақтағы өздігінен жазылатын рейстің жазбасы (дыбысты және параметрлі), яғни апат болған кезде түскен жазбалары оқылды. Материалдардың барлығы тергеу комиссиясына тапсырылды. Бұл мәліметтердің сараптама нәтижелері оқиғаның қалай болғанын қалпына келтіруге және апаттың салдарын анықтауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Тергеу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша МАК Нидерланд, Қазақстан және EASA мамандарымен бірігіп ұшудың математикалық моделдеу жұмыстарын бастаған.

Бұған дейін, ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырауына ұшақтың сыртына қатып қалған мұздар себеп болуы мүмкін деген болжам айтқан.

BAQ.KZ




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 14:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31