Оқиға

Ұшақ бортында темекі шеккен алматылыққа айыппұл салды

  • Ұшақ бортында темекі шеккен алматылыққа айыппұл салды

    Ұшақ бортында темекі шеккен алматылыққа айыппұл салды

  • Ұшақ бортында темекі шеккен алматылыққа айыппұл салды

    Ұшақ бортында темекі шеккен алматылыққа айыппұл салды

Астана әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне «AirAstana» АҚ өкілінен «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейсінің бортында құқық бұзушының бар екендігі туралы хабарлама түсті.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Абзал Жуматаев мәлімдеді.

 

Тексеру барысында көлік полицейлері ұшақ бортында электронды темекі шеккен 23 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Құқық бұзушы аталған әуе кемесі командирінің актісі бойынша рейстен түсірілді. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2 бөлігімен, яғни, әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 50 АЕК  мөлшерінде айыппұл салынды, - деді полиция полковнигі.

 
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 441 бабының 1-2 бөлігіне сәйкес әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтынғаны үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

BAQ.KZ




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

сенбі, 16.01.2021, 00:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31