Оқиға

Ұшақ соғылған үйде ешкім болған жоқ - Алматы қалалық ТЖД басшысы

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ұшақ салынып жатқан үйге құлады. Ол жерде ешкім болған жоқ. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Әлібековтың айтуынша, апат болған жерде Алматы және Алматы облысының ТЖД, ПД, Ұлттық гвардия, жедел құтқару тобы, апаттар медицина орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 776 адам мен 119 техника жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Алматы қаласының 35 жедел жәрдем көлігі тартылды. Оқиға орнына жедел құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

«Ұшақтағы 88 адамға көмек көрсетілді. Оларды ұшақтан шығардық. Қазіргі уақытта ауруханада 42 адам жатыр, оның 8 бала. Тағыда айта кететін жәйт, ешқандай жарылыс болған жоқ. Егер ұшақ жарылған болса, онда адамдарды аман алып қалу мүмкін болмас еді. Бұл жаңадан салынып жатқан үй болатын. Абырой болғанда оның ішінде ешкім болған жоқ»,- деді Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков.

 




Көрілген: 889    Пікірлер: 0

жұма, 27.12.2019, 16:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29