Оқиға

Үшеуі де қайтыс болды - Көкшетауда коронавирус жұқтырған отбасы туралы айтылды

  • Үшеуі де қайтыс болды - Көкшетауда коронавирус жұқтырған отбасы туралы айтылды

    Үшеуі де қайтыс болды - Көкшетауда коронавирус жұқтырған отбасы туралы айтылды

Дәрігер туыстарына қонаққа барып, 20 адамға коронавирус жұқтырған. Ата-анасы аурудың асқынуы салдарынан көз жұмды

 

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина ата-анасына коронавирус жұқтырған астаналық дәрігер туралы айтты. Үшеуі де қайтыс болғаны хабарланған еді. Байланыста болған 15 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Бүгін таңертең ата-анасына коронавирус жұқтырған астаналық дәрігердің көз жұмғаны белгілі болды", - деді Айнагүл Мусина.


Соңғы екі аптада Көкшетаудағы жұқпалы аурулар стационарында дәрігерлер астаналық әріптесінің өміріне араша түсуге тырысты.

 

"Соңғы аптада пациент жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен ғана дем алған болатын", - деді өңірдің бас санитар дәрігері.

 

Алдымен дәрігердің әкесі қайтыс болды. Ресми себебі - тромбоэмболия. Оның жүрегі ауыратын. Алайда өлімге пневмонияның асқынуы әсер еткені айтылып отыр.

 

Екі күннен соң анасы көз жұмды. Әйелді ауыр дәрежедегі екіжақты пневмония, лимфоаденопатия, эксудативті плеврит болған.

 

Отбасының тағы бір мүшесі жұқпалы аурулар стационарында жатыр. Жағдайы тұрақты.

 

Барлығы елордалық хирург 15 адамға вирус жұқтырған. Арасында достары, әріптестері бар.




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

жұма, 26.06.2020, 20:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31