Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Үй өртеніп, атасы мен немересі ажал құшты

20 желтоқсан 2022, 17:15

Тереңкөл ауданында өрттен атасы мен немересі көз жұмды. Зардап шеккен тағы бір бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 2022 жылғы 19 желтоқсанда сағат 23:13-те келіп түскен. Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі 16 мекенжайында бір қабатты қамыс үй отқа оранған.

 

Өрт 64 шаршы метр аумақты қамтып, шатыр жартылай құлаған.

 

- Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін көршісі 2019 жылы туған қызды үйден құтқарып алып шыққан. Ол ауруханаға жатқызылды,. Жеңіл көміртегі тотығымен улану диагнозы, оң қабақтың және 1-ші дәрежелі сол жақтың термиялық күйігі анықталды. Сондай-ақ барлау кезінде үйінділердің астынан 1958 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың күйген денелері табылды, - деді департаментте.

 

Өрт түнгі сағат 01:47-де ТЖД күштерімен жойылды. Өртке Павлодар облысы ТЖД 21 қызметкері мен 3 техникасы және полиция, жедел жәрдем, жергілікті атқару органы, жергілікті полиция қызметі ( 8 қызметкер және 3 техника) жұмылдырылды.