Оқиға

Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: Ауыл тұрғындары не дейді

  • Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: Ауыл тұрғындары не дейді

    Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: Ауыл тұрғындары не дейді

Ақтөбе облысында үйлену тойы қарсаңында қара жамылған отбасы үлгілі, ортасына сыйлы еді. Бұл пікірді ауыл тұрғындары жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

 

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға Темір ауданы Шұбарши ауылында өткен сенбі күні болған. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, әуелі 63 жастағы анасы далада тұрған газ құбырына асылып қалған. Бұны тауып алған 28 жастағы ұлыда, сөзге келместен өзіне-өзі пышақ салыпты.

 

Сол уақытта үй ішінде отағасы және басқа да туысқандары болған. Олар марқұмдарды жер қойнына тапсырды.

 

Ауыл тұрғындары болған жайтқа әлі күнге сене алар емес. Отбасының жалғыз ұлы жуырда ғана келіншек әкеліп қуантып, енді үйлену тойының қамына кіріскен еді дейді.

 

"Анасы 63 жаста болатын. Гүлзия марқұм жақсы адам болатын, екі қыз, бір ұл өсіріп, өнегелі отбасын құрды. Ұл өте тәрбиелі. Намаз оқитын. Менің балаларымның досы ғой. 19-қыркүйек той болады деп кәдімгідей дайындалып жүрді. Келіншегін 3 қыркүйекте алып келіп қойды. Енді той істейін деп жатқанда осындай жағдай орын алды", - дейді Шұбарши ауылының тұрғыны Ардақ Құбашева.  




Көрілген: 706    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30