Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Үйін жынойнаққа айналдырған әйел аналық құқығынан айырылды

23 желтоқсан 2017, 20:08

Балаларын далаға тастап кеткен көкшетаулық ана ата-ана құқығынан айырылды. Дүниеге төрт бала әкелген келіншек олардың ешқайсына жөнді тәрбие бере алмаған. Үйін жын ойнаққа айналдырып, балаларын қараусыз қалдырған. Тіпті олардың бірнеше күн үйде болмағанын да байқамаған әйел енді балаларын мүлдем көрмейді.

Қала көшелерін жағалап, қаңғырып жүрген төрт бала полицейлердің назарына тамыз айында іліккен. Ата-ананың қарауынсыз қалған бүлдіршіндер далада түнеп, бірнеше күн жолдан тапқандарын азық етіпті. Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің мамандары төртеудің үшеуін уақытша кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жіберсе, Анжеликаны ауруханаға табыстапты. Өйткені, ол тым аурушаң еді. Қарны тойып тамақ ішпегендіктен салмағы бар-жоғы алты келіге жуық болатын. Аурухананың тамағын жеп, 4 айға жуық мамандардың қарауында болған бүлдіршіннің уақыт өте беті бері қарады.

ВИКТОРИЯ ПИЧКУНОВА, Ақмола облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

— Бір жарым жастағы баланың салмағы 10 килограмм болуы тиіс. Ал, Анжелика бізге түскен кезде, бар жоғы 5 килограмм 900 грамм болатын. Қазір салмағы 7 килограммға дейін жоғарылады. Денсаулығында еш кінәрат жоқ. Жасына сай дамып келеді.

Мамандардың айтуларынша, балалардың анасы ішімдікке әуес. Балалардың материалдық жағдайына да, оқу үлгерімдеріне де қызығушылық танытпаған көрінеді. Одан қалды, бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Осыларды ескере келе сот әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдады.

ЖАННА ХАБИБУЛИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

— Соттың шешімінен кейін төрт баланың үшеуі балалар үйіне орналастырылды.

Ал кішкентай Анжелина болса, келесі апта сәбилер үйіне жіберіледі. Ал, балаларының болашағына мүлдем алаңдамайтын ана оларды іздемеген екен.

31.kz