Оқиға

Вакцинадан кейін сарбаз көз жұмған: Желіде таралған видео қазақстандықтардың қызу талқысына түсті

  • Вакцинадан кейін сарбаз көз жұмған: Желіде таралған видео қазақстандықтардың қызу талқысына түсті

    Вакцинадан кейін сарбаз көз жұмған: Желіде таралған видео қазақстандықтардың қызу талқысына түсті

Telegram мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцина алған сарбаздардың жаппай көз жұмғаны жайлы видео тарады. Видеода расымен де әскери қызметкерлер мен оларға көмек көрсетіліп жатқан сәт түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

StopFake.kz порталының мәліметінше, бұл жағдайдың коронавирусқа қарсы вакцинаға ешқандай қатысы жоқ. Бұл видео 2021 жылдың тамызында ағылшын тілді ортада көп тараған. Оған сипаттама ретінде видеодағы әскерилердің COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алғаны, олардың кенеттен қайтыс болуына да вакцина себеп болғаны жазылған.

 
Ал шындығында бұл видео биыл 21 тамызда Үндістанда төзімділік жарысы кезінде түсірілген. Қатты ыстық пен ауаның ылғалдығына байланысты 34 сарбаз есінен танып қалған. Жарыстың 72 сағатқа созылғаны белгілі және сарбаздар есінен танбас бұрын 10 шақырымды толық жабдық пен қару-жарақты көтеріп жүріп өткен.

Зардап шеккен сарбаздың барлығы ауруханаға ыстық өткен деген диагнозбен жеткізілді. Ішінде бір сарбаз қайтыс болды, бірақ оған COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның еш қатысы жоқ.




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 11:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31