Оқиға

Із-түзсіз жоғалған ер адамның көлігі табылды

  • Із-түзсіз жоғалған ер адамның көлігі табылды

    Із-түзсіз жоғалған ер адамның көлігі табылды

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның көлігі өртенген күйі табылды.

Бұл туралы КТК хабарлады.
Полицейлер бұл қаскөйлердің әрекеті екеніне сенімді. 34 жастағы Азат Теміртасов бір апта бұрын көлігімен көрші ауылға қарай жолға шыққан. Содан бері хабар жоқ.

Жоғалған жігіттің көлігін тәртіп сақшылары Талдықорғаннан Алматыға қарай шығатын жол бойынан тапқан. Бірақ өртелген көліктің тек қаңқасы қалған. Тергеушілер көлік «қасақана өртелген» деп отыр. Ал машина табылған соң, «жоғалған адамды іздеу» бабы «кісі өлтіру» бабына өзгертілген.
Азат Теміртасов түнгі сағат 10-дар шамасында жеке шаруасымен Талдықорғаннан Қарабұлақ ауылына қарай жолға шыққан. Бір аптадан бері жігіттен еш хабар жоқ.

Туыстарының айтуынша, үйінде ешқандай ұрыс-керіс болмаған. Тату-тәтті тұрып жатқан отбасы төрт  бала тәрбиелеп отыр. Ең кішісі небәрі 2 жаста. Ал өзі банкте белді қызметте істейді.

aikyn.kz




Көрілген: 820    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.12.2020, 08:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31