Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Заңға бағынабайтын романтик". Елордада ер адамды ұстау оқиғасы видеоға түсірілді

02 тамыз 2022, 17:49

Әлеуметтік желіде қолына кісен салынып жатқанда, бейтаныс қызбен таныспақ болған жігіттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , - Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрларда төрт полицей жігіт қолына кісен салып, алып кеткенін көруге болады. Ұсталған кезде жігіт қызды байқап, оқиғаны камераға түсіруді сұраған, сонымен қатар оны ұнатып қалғанын мойындайды.

 

"Видеоға түсіріңізші, өтінемін. Өте әдемісіз. Сізден Instagram-парақшаңызды аламын. Маған ұнадыңыз, атыңыз кім?" - деп жігіт жымияды, бұл оқиға куәгерлерінің күлкісін келтірді.

 

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видео авторы тәртіп сақшылары жігітті төбелескені үшін ұстағанын айтты.

 

"Ол қашып кеткісі келді, оған күш қолданып жатқанын түсіруді өтінді. Мен түсіре бастадым, тіпті құқық қорғау орган өкілдері тұрса да, қырындай бастады. Заңға бағынабайтын романтик", - деп жазды ол.

 

 

Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 1 тамызда елордада болған. Сағат 5.37-де Қосшығұлұлы көшесінің бойындағы үйдің ауласында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

 

"Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Оқиғаға қатысқанның барлығы анықталды. Ұстау кезінде құқықбұзушылардың бірі полиция бөлімшесіне барудан бас тартты, полиция қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында арнайы құралды пайдаланды. Оның үстінен әкімшілік іс қозғалды", - деді полицейлер.