Әлеуметтік желіде Өскемен тұрғындары түсірген видеолар тарап жатыр. Кадрда жергілікті кәсіпорындардың бірінің үстінен көтерілген қызғылт түтін будақтарын көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл бейнелердің бірі Instagram желісіндегі ilove_uka қауымдастығында жарияланған.
Түсініктемелерде қолданушылар оқиға "ТМК" АҚ аумағында болған деп болжады.
Жағдайға Экология министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Ведомствоның хабарлауынша, бүгін түскі уақытта жергілікті экология департаментіне әлеуметтік желілер арқылы "ТМК" АҚ-да болжалды апат туралы ақпарат түскен.
"Жағдайларды анықтау мақсатында сағат 12:15-те Экология департаменті санитарлық-қорғау аймағы шекарасындағы жер үсті қабатындағы зиянды заттардың мөлшеріне аспаптық өлшеулер жүргізу үшін іссапарға шықты. Рұқсат етілген шекті концентрацияны белгілеу кезінде хлордың артық болуы фактілері анықталды", – делінген министрлік хабарламасында.
Осы жағдайды ескерген департамент кәсіпорынды жоспардан тыс тексеруді бастау туралы шешім қабылдады.
"Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады", – деп уәде берді экология министрлігі.