Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Зейнеткер терезеден құлаған баланы қағып алды – видео

28 шілде 2021, 09:26

Үй шаруасын істеп жүрген әке-шешесі бүлдіршіннің терезеден қалай құлағанын байқамай қалған екен

Ресейдің Новокузнецк қаласында зейнеткер терезеден құлап кеткен баланы қағып алды. Осы оқиға бейнебақылау камерасына жазылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Кемеров облыстық ішкі істер басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, бір жарым жасар бүлдіршінді құтқарған әйел баланы ата-анасына беріп, кетіп қалған.

Оқиға орнына барған инспекторлар жағдайдың мән-жайын анықтады. Баланың әке-шешесі үй шаруасын істеп жүріп, бүлдіршіннің терезеге қалай шығып кеткенін байқамай қалған. Даладан біреудің айқайлаған даусын естіді. Терезеден қараса, егде жастағы әйел кішкентай баланы қолында ұстап тұр.

Дәрігерлер бүлдіршіннің денесінде болар-болмас жарақат іздері бар екенін айтып отыр. Ал полицейлер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы зейнеткерді іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары құтқарушыны тапты.

64 жастағы Светлана Санарова ол күні дүкеннен келе жатқан. Ал терезеден тұрған баланы көрген бойда пакеттерін тастап, көпқабатты үйге қарай жүгірді. Қолын созып, екінші қабаттан құлаған баланы қағып алды.

Ішкі істер министрлігінің Новокузнецк қалалық басқармасы және қоғамдық кеңес мүшелері батыр зейнеткермен кездесіп, алғыс айтуды жоспарлап отыр.

sputnik.kz