Әлемнің ең ерекше 10 мектебі

Әлемнің ең ерекше 10 мектебі

Мектеп - әр баланы білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге дайындайтын алтын ұя. Ол жерде сабақ оқып қана қоймай, болашағымызға керек түрлі тәжірибе жинақтаймыз. Мұнымен қатар, әлем мектептерінің бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетінін айта кетуіміз керек. Мысалы, бір мектепте оқушылар сабаққа барып, бармау керектігін өзі шешесе, екінші мектепте әлемнің 12 мемлекетіне қыдыру мүмкіндігіне ие болады. Назарларыңызға осы секілді 10 мектеп ұсынамыз.
Тәртіпсіз мектеп (Канада)
Аталған оқу орны әлемдегі өзге мектептерден айтарлықтай ерекшеленеді. Ол жерде оқитын оқушылар үй тапсырмасы, баға, сабақ кестесі дегендерді білмейді. Оқушы сабаққа бару, бармау керектігін өзі шешеді. Философия, аспаздық және мүсіндеу сабақтарын қосымша өтеді. Ең қызығы, ұстаздар балаларға не істесе де, кедергі жасай алмайды.
Табиғатты зерттеушілер мектебі (АҚШ)
Watershed мектебінде білім алу арқылы таңғажайып оқиғалардың куәсі болу мүмкіндігіне ие боласыз. Ағылшын, математика сынды пәндерден өзге ұстаздар оқушыларды табиғат аясына шығарып, түрлі зерттеулер жүргізеді. Сабақтар әдетте тар сыныпта емес, табиғат аясында өтеді. Биология және география пәндерінде өзен бойымен қайықпен жүзеді. Watershed мектебінің ұстаздары оқушылардан құралған рок группаларды дайындап, видео ойындар құрастыруға көмектеседі. Фрисби, йога сынды спорт түрлерімен қосымша айналысады.
THINK Global мектебі (АҚШ)
Бұл мектепке жасы үлкен аға-әпкелеріміз де қызығуы мүмкін. Себебі, әр жаңа оқу жылы сайын мектеп оқушылар жаңа елге көшіп отырады. Оқушылар 12 жыл ішінде 12 мемлекетте өмір сүру мүмкіндігіне ие болады. Әр оқушыға Macbook, iPad және iPhone сынды құралдар үй тапсырмасын орындау үшін беріледі. Мұнымен қатар, өздеріне ғана тиесілі әлеуметтік желілері бар.
Дальтон мектебі (АҚШ)
Бұл мектепте әр оқушыға ерекше мән беріледі. Мұнда оқушыларға арналған ортақ бағдарлама жоқ. Оқушының қандай баға алу керектігі, үй тапсырмасы қандай мөлшерде берілуі керек сынды мәселелер оқуға түсер кезде анықталып алынады. Алғашында бағдарлама оғаш көрінгенімен, мықты мамандарды дайындайды.
Студия мектебі (Англия)
Аталған мектеп оқу материалдарының тек практика жүзінде меңгерілетіндігімен ерекшеленеді. Әр оқушы болашақта жұмыс істегісі келетін компаниямен мектеп қабырғасында жүріп келісім-шартқа отыра алады.
Ойындар мектебі (АҚШ)
Бұл мектепті құру барысында оқушылардың екілік баға алып, кітап оқуды ұнатпайтындығы ескерілген. Сол себепті, мұның барлығы бағдарламадан алынып тасталған. Әрі ойындармен алмастырылған. Балалар сабақ барысында үнемі ойды дамытатын ойындар ойнайды. Жеңген оқушыға балл беріліп отырады. Пәндерге қатысты фактілерді осылайша жаттайды.
Ашық кеңістік мектебі (Дания)
Ең алдымен, ғимарат құрылысының ерекше екенін айтып өтуіміз керек. Ішінде бөлек-бөлек орналасқан кабинеттер жоқ. Барлық мектеп оқушысы бір үлкен залда отырып сабақ оқиды. Еденге жарқын түсті жастықшалар қойылған. Мұнымен қатар, толықтай интернетпен қамтылған. Ғимараттың дизайніне таңырқамасқа амалыңыз қалмайды. Ортада тұрған баспалдаққа шығып, ғимарат ішінде өтіп жатқан сабақтарды бақылауға болады.
Музыка мектебі (АҚШ)
Бұл мектепте де сабақ негізгі бағдарлама бойынша жүреді. Алайда оқушылар бар уақытын тек сабақ оқуға ғана жұмсамайды. Әрбір оқушы бойында бұғып жатқан талантын сыртқа шығарып, би билеп, ән айтып үйренеді. Міндетті түрде бір музыкалық аспапты меңгереді. Осылайша оқушылар мәдени өмірдің атмосферасына енеді.
Әлеммен қарым-қатынасқа түсу мектебі (АҚШ)
Кез келген оқушы бұл мектепте оқи алмайды. Және бұған білім мен икемділіктің еш қатысы жоқ. Барлығын лоторея билеті шешеді. Ал лотореяға қатысу үшін мектептің ресми сайтына кіріп, анкета толтыру керек. Лоторея бітісімен, бақытты жандардың есімі жарияланады. Бұл мектептегі білімді негізгі деп айтуға келмейді. Оқушылар әр сабақта ерекше көңіл күйге бөленіп, өзін дамыту мүмкіндігіне ие болады. Білім бағдарламасын арнайы психолог және невролог мамандар құрастырған. Олардың ойынша, бала позитивті көңіл күйде болған кезде ғана материалды жақсы қабылдайды.
Террасет жер асты мектебі (Terraset Elementary School PTA (АҚШ)
Рестон қаласындағы Террасет мектебі шын мәнінде жердің астында орналасқан. Аталған мектеп 70 жылдардың ортасында салынған. Сол уақытта Америкада энергия жетіспеушілігі болып, өзін-өзі жылытатын мектеп салуға мәжбүр болған. Ал оқушыларды «жер асты балалары» деп атауға болады. Ал оқу бағдарламасы өзге мектептермен бірдей.
Камбоджадағы жүзетін мектеп
Аталған оқу орны суда орналасқан. Кампонг Луонг ауылының барлық үйі су үстінде орналасқандықтан, бұл көрініске ешкім таңқалмайды. Мектепте ата-анасы балық аулау кезінде қайтыс болған 60-қа жуық оқушы оқиды. Ғимарат ішінде бір ғана сынып бар. Оқушылар ол жерде бос уақыттарын өткізеді. Ал мектепке арнайы легендермен жүзіп келеді.
Қытайдағы үңгір мектеп
1984 жылы Гуйчжоу провинциясында салынған. Оны салу үшін мемлекет тарапынан айтарлықтай қаржы бөлінбегендіктен, үңгірден жасауға мәжбүр болған. Бұл жерде спорт алаңы, демалыс орны, сыныптар бар.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста